Неге қатысу керек?




Біздің тақырыптық көрменің мақсаты – бір салада жұмыс істейтін кәсіпқойлар үшін универсалды бизнес-платформа құру. Егер сіз жаңа серіктестер мен көтерме сатып алушылар табуды, өз нарығыңызда бәсекеге қабілеттілігіңізді көрсете отырып орнығуды немесе өз салаңыздағы жаңа өнімдерді таныстырғыңыз келсе, онда көрмеге қатысу – бұл мақсаттарға жетудің ең тиімді тәсілі. Іс-шара b2b форматында өтеді және сала кәсіпқойларына бағытталған.

«Central Asia HomeTextile » көрмесі Орталық Азия аймағындағы бизнес байланыстарды орнату және нығайту, сонымен қатар көтерме компаниялар мен бөлшек сауда желілерінің өкілдері арқылы компаниялардың қызмет көзін кеңейту үшін тамаша мүмкіндік береді. Динамикалық дамып келе жатқан нарық әрбір компанияға өз орнын тауып, өз позицияларын бекітуге мүмкіндік береді.